Skip to content

⚜️«Өрлеу»-Ақтөбе филиалының Жедел жоспарына сәйкес тәжірибелік жұмыс бойынша мұғалімдердің кәсіби…

⚜️«Өрлеу»-Ақтөбе филиалының Жедел жоспарына сәйкес тәжірибелік жұмыс бойынша мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруде «Пәндерді кіріктіріп оқытуда цифрлық ресурстар мен заманауи әдістерді қолдану» тақырыбындағы облыстық семинарға Ақтөбе қаласы, Д. Қонаев атындағы ЖББОМГ, № 11 ОМГ, №17 гимназия, А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия, «Смарт-Білім»» ЖББОМГ, №56 ЖББОМ, №69 ЖББОМ, № 26 ОМ, Темір ауданы, №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназия, №№7 Хромтау мектеп-гимназиясы, Хромтау №4 ОМ үйлестірушілері мен педагогтері қатысты.

Іс-шарада «Өрлеу»-Ақтөбе филиалы кафедраның аға оқытушысы, магистр М.Адилханова, І.Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі директор орынбасары А.Василиева пәндерді кіріктіре оқытуда инновациялық технологияларды, цифрлық ресурстарды қолданудың рөліне ерекше назар аударып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту мен тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.

Семинар барысында І.Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі педагогтері – Ж.М.Маканова, А.Т.Умирова, Б.К.Арызгулова, Ж.М.Мусаева, И.Ж.Тукешева, А.С.Сафарова, Р.Б. Қали, А.К. Касымкулова пәндерді кіріктіріп оқытудың тиімді жолдарын, цифрлық білім беру ресурстарын сабақта қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдарын ортаға салды. Пәндерді интеграциялаудың тиімді тәсілдері көрсетіліп, интерактивті платформалар мен сандық ресурстарды сабақта қолдану әдістері талқыланды. Бүгінгі күннің басты трендтері мен үздік әдістемелері бір ортада тоғысты. Инновациялық шешімдер, жаңа ресурс көздері және кәсіби талқылаулар болды.

Семинар педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік берді.