⚜️Мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Менің ішкі әлемім» тақырыбында арт-терапиялық кездесу өткізілді.
Шараны мектеп директоры **А.Қ. Ешмағамбетова**, мектеп директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары **А.Н. Балғалиев** және мектеп психологтары **А. Жанабергенова**, **А. Касымкулова** ұйымдастырды.
Арт-терапияның негізгі мақсаты – оқушылардың ішкі уәжін анықтау, олардың эмоциялық жағдайын түсіну және сыртқы триггерлермен тиімді жұмыс жасауға бағыт беру.
Терапияның басында мектеп басшылығы 11-сынып оқушыларына алдағы **ҰБТ** емтиханына сәттілік тілеп, білім сынағына дайындықты жүйелі түрде күшейту қажеттігін атап өтті.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің ішкі әлемін қағаз бетіне түсіріп, түрлі түстер арқылы көңіл күйі мен ойларын бейнеледі. Соңында әр оқушы өз суретіне талдау жасап, таңдаған түстері арқылы ішкі сезімдері мен мақсаттарын бөлісті.
Бұл арт-терапиялық кездесу түлектерге өз эмоцияларын түсінуге, сенімділіктерін арттыруға және алдағы маңызды сынақтарға психологиялық тұрғыдан дайындалуға мүмкіндік берді.
#мектепөмірі #арттерапия #түлектер2026 #ҰБТ #психологиялыққолдау

KZ
