⚜️Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Азаматтық қорғаныс айлығы аясында «Азаматтық қорғаныс» тақырыбында оқушыларға дәріс өткізілді. Бұл дәрістің мақсаты – оқушыларға азаматтық қорғаныстың маңызын түсіндіру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайларда өзін дұрыс ұстауға үйрету.
«Азаматтық қорғаныс – төтенше жағдайлар кезінде халықты, аумақты және материалдық құндылықтарды қорғауға бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі. Оның негізгі мақсаты – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, табиғи апаттар мен техногендік жағдайлардың зардаптарын азайту. Азаматтық қорғаныс жүйесіне халықты алдын ала дайындау, қауіпсіздік ережелерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндіру, сондай-ақ құтқару және көмек көрсету жұмыстары жатады.

KZ

