⚜️2026 жылдың 11наурыз күні мектебімізде 9–11 сынып білім алушыларының қатысуымен «Дін және дәстүр» тақырыбында “Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Шараның мақсаты – оқушыларға қазіргі ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм қаупін түсіндіру, саналы таңдау жасауға бағыт беру, діни сауаттылықты арттыру.
Шараға арнайы теолог Төретаев Жасұлан қатысып, оқушыларға жат ағымдардың белгілері мен олардан қорғану жолдары туралы мазмұнды мәліметтер берді. Оқушылар өз сауалдарын қойып, нақты әрі жан-жақты жауаптар алды.

KZ
