🌷 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау 🌷
Мектебімізде 06 наурыз күні 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, мектептің аяулы ұстаздары мен кіші қызметкерлері ерекше құрметпен құттықталды.
Шара барысында оқушылар мен ер ұстаздар нәзік жандыларға арнап жүрекжарды тілектерін білдіріп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Әсем әндер шырқап,әсерлі өлеңдер оқылып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, шара барысында мектеп директоры А.Қ. Ешмағамбетова нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ұстаздарға алғыс хаттар табыстады.
Бұл мерекелік кештің басты мақсаты – аналар мен ұстаздардың қоғамдағы орны мен еңбегін құрметтеу, олардың мейірімі мен қамқорлығына алғыс білдіру.
Іс-шара соңында мектеп ұжымы мен оқушылар барлық нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тіледі.
🌷 Барша аналар мен арулар мерекелеріңіз құтты болсын!
KZ

