⚜️Ақтөбе қаласы «Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебі» КММ
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
1. «Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
– Әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы – 1 бірлік ( бос орын) лауазымына жұмысқа қабылдауға конкурс жариялайды.
Мекеме атауы: «Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебі» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Гоголь көшесі 12
Эл.поштасы: esenberlin15@yandex.kz
Телефон нөмірі: 8 (7132) 45-81-97, 8 747 184 21 93
Негізгі функционалдық міндеттері:
ҚР білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022 ж. №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау, 8-параграф, 68 тармақ орта білім беру ұйымдарының бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысының лауазымдық міндеттері:
– білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
– оқу кабинетін жабдықтауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;
– басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;
– білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық кабинеттерінің және (немесе) полигондарының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

KZ

