Skip to content

⚜️Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды тәрбиелік…

⚜️Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Оқушыларға нашақорлықтың, есірткі тасымалының және “закладка” арқылы тарату әрекеттерінің қауіпті салдарын ашып көрсететін Закладка фильмі көрсетілді.

🔹Фильм желісі арқылы жасөспірімдердің бір сәттік қызығушылық немесе жеңіл табысқа ұмтылу салдарынан үлкен қателікке ұрынуы, оның құқықтық әрі өмірлік ауыр зардаптары нақты мысалдармен баяндалады. Көрсетілім барысында оқушылар заң алдындағы жауапкершілік, жеке қауіпсіздік және дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы туралы терең ой түйді.