🏫Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 16 ақпанда Ақтөбе қаласы Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде «Математика және физика пәндері бойынша сабақта кездесетін қиындықтар мен шешімдер» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
🔷Мақсаты: математика және физика пәндерін оқыту барысында туындайтын қиындықтарды анықтау, олардың себептерін талдау және заманауи педагогикалық тәсілдер арқылы тиімді шешу жолдарын ұсыну болды.
🌟Семинар барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар, коучингтер мен тренингтер өткізіп, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Ұсынылған әдіс-тәсілдер білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және білім сапасын көтеруге бағытталды.
🔆Семинар қатысушылары тың идеялар алып, өз тәжірибелеріне қолдануға мүмкіндік алды. Осындай шаралар ұстаздар арасындағы кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға зор үлес қосады.
♻️Қатысушылар белсенділік танытып, өзара ой бөлісіп, кәсіби шабыт алды.
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi
@bilim_qazyna_aqtobe

KZ
