Мектебіміздің кітапханасы – білім мен руханияттың ордасы. Мұнда оқушыларға арналған көркем әдебиеттер, оқу құралдары және түрлі танымдық кітаптар қоры жинақталған. Кітапхана – тыныштық пен ізденістің мекені, онда әр оқушы өзіне қажетті ақпаратты тауып, білімін толықтыра алады.
Кітапхана оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар, кітап көрмелері мен танымдық кездесулер ұйымдастырады. Бұл орын тек кітап алатын жер ғана емес, сонымен қатар ой-өрісті дамытатын, рухани байытатын маңызды орта болып табылады.

⚜️ 2025 жылғы 24 қыркүйекте І. Есенберлин атындағы №15 орта мектеп КММ-нің кітапханасында кітапханашы Г.А. Нұрғалиева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Қ. Арызғұлованың ұйымдастыруымен үзіліс уақытын тиімді пайдалану және оқушылардың ой-тапқырлығын арттыру мақсатында «1001 мақал — 1001 жұмбақ» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Іс-шараға 5 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысты.

⚜️ Республика күніне орай «Менің Отаным» тақырыбында мазмұнды іс-шара өтті.
Іс-шараны 📚 кітапхана меңгерушісі Нұрғалиева Гүлжахан Амангелдіқызы ұйымдастырды.
🔹 Шара барысында оқушылар Отан туралы өлеңдер оқып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
🔹 Сондай-ақ ел тарихы мен Тәуелсіздік құндылықтары жайлы пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізді.

📚 «Мәдени мұра – ұлттық рухани қазына» көрмесі өтті!
Мектебімізде үзіліс уақытын тиімді пайдалану және оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында танымдық көрме ұйымдастырылды.
Іс-шараны кітапхана меңгерушісі Г.А. Нұрғалиева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Қ. Арызғұлова өткізді.
Оқушылар көрмеден ұлттық құндылықтар туралы мол мағлұмат алып, қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап берді.
Белсенділік танытқан қатысушыларға шағын сыйлықтар табысталды.

✍️ Мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және мектеп кітапханасы жобасы негізінде 4 «А» сынып оқушыларына Ұлттық валюта күніне орай тәрбие сағаты өткізілді.
🔹 Іс-шараны кітапхана меңгерушісі Г. Нұрғалиева ұйымдастырды.
Оқушылар теңгенің шығу тарихымен, ұлттық валюта рәміздерімен танысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды және сұрақтарға белсене жауап берді.
🔹 Бұл шара оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталды.📚

✍️ 4 желтоқсан күні мектебімізде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестиваліне орай «Салт пен сана» атты көрме өткізілді.
🔹 Көрменің мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды кеңінен таныстыру, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесін дамытуға ықпал ету.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
📚 Кітапхана меңгерушісі — Нұрғалиева Гүлжахан Амангелдіқызы
🔹 Сынып жетекшісі — Р. Айтжанова
- Мектеп кітапханасының 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша жылдық жұмыс жоспары
- Мектеп кітапханасының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері
- “Оқуға кұштар мектеп” жобасын іске асыру бойынша жұмыс жоспары (2023ж.)
- “Оқуға кұштар мектеп” жобасын іске асыру бойынша жұмыс жоспары (2022ж.)
KZ
