⚜️Жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығының жабылу салтанаты жоғары деңгейде, мазмұнды әрі шығармашылық форматта ұйымдастырылды. Іс-шара аясында педагогтер арасында «Alcatraz» квест ойыны өткізілді.
Квест барысында мұғалімдер екі топқа бөлініп, география, химия, биология және мектеп тарихы бағыттары бойынша зияткерлік және логикалық тапсырмаларды орындады. Әр кезең мектеп ғимаратының түрлі кабинеттерінде жасырылған тапсырмалар арқылы ұйымдастырылып, қатысушыларға уақытпен жарыса отырып, стратегиялық ойлау, топтық жұмыс және жедел шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.
Ойынның негізгі мақсаты – берілген межеге жетіп, «алтын кілтті» тауып, сандықты ашу болды. Қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен кәсіби біліктіліктерін көрсете білді. Квест өте тартымды, қызықты әрі серпінді форматта өтті. Нәтижесінде барлық топтар ынталандыру мақсатында тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Апталық жабылуының екінші бөлімінде жаратылыстану бағытындағы іс-шараларға белсенді қатысқан сыныптар мен оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Бұл – білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ғылыми ізденіске ынталандыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Апталық өз мақсатына жетіп, мұғалімдер мен оқушылар арасында ынтымақтастықты нығайтып, жаратылыстану пәндерінің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

KZ
