Skip to content

Құрметті ұстаздар! Қадірменді ардагерлер! Бүгін – барша адамзат баласы үшін аса қастерлі,…

Құрметті ұстаздар! Қадірменді ардагерлер!
Бүгін – барша адамзат баласы үшін аса қастерлі, ерекше күн. Ұстаздар күні – бала жүрегіне білім мен мейірім шуағын себетін, ақыл-ой мен парасат жолына бағыттайтын ұлағатты жандардың төл мерекесі.
Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында талай шәкірт өмірден өз орнын тауып, еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосуда. Ардагер ұстаздарымыздың өнегелі жолы – алтын әріптермен жазылуға лайық! Сіздер мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаға бағыт-бағдар беріп, болашаққа жол аштыңыздар.

Бүгінгі ұйымдастырылып отырған мерекелік кешіміз – Сіздерге деген шексіз ризашылығымыз бен құрметіміздің бір белгісі ғана.
Өмірлеріңіз ұзақ, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің биіктен көрінгенін тамашалай беріңіздер!

Ұстаз аты – биік те мәңгілік. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеген Сіздерге мың алғыс!