Skip to content

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жыл…

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылғы 16 қазанда Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі бірыңғай мемлекеттік «111 – AMANAT» байланыс орталығы/сенім телефоны ашылды.
Байланыс орталығы Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың, әлеуметтік көмек пен мемлекеттің қолдауына мұқтаж буллингтің құрбаны болған азаматтардан өтініштерді, сондай – ақ баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдайды. Байланыс орталығы әрбір өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен қызметтерді тарта отырып, кешенді көмек көрсетеді.