Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды бала тәрбиесі, олардың құқықтары, міндеттері және отбасылық құндылықтар туралы ақпараттандыру болды.
🔹 Кездесу барысында педагогтар баланың тұлғалық дамуы мен тәрбиесінде ата-ананың рөлі, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы жөнінде пікір айтты. Ата-аналар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алып, пайдалы кеңестер тыңдады.
🔹 Сонымен бірге, балаларда әділдік пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға арналған ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылды. Жиналыс соңында ата-аналар бірлескен тәрбиенің маңызын атап өтіп, мұндай шараларды алдағы уақытта да жалғастыруға қолдау білдірді.
KZ
