Skip to content

📚 9-сынып оқушыларының таңдау пәні бойынша қорытынды емтиханға дайындығы Мектебімізде…

📚 9-сынып оқушыларының таңдау пәні бойынша қорытынды емтиханға дайындығы

Мектебімізде 9-сынып оқушыларына ертең өтетін таңдау пәні бойынша қорытынды емтиханға дайындық жұмыстары ұйымдастырылды. Дайындық барысында оқушыларға емтиханның өткізілу тәртібі, бағалау талаптары, уақыт регламенті мен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, пән мұғалімдері тарапынан қосымша кеңестер беріліп, оқушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – білім алушылардың емтиханға психологиялық және академиялық тұрғыдан дайын болуына қолдау көрсету, өз білімдерін сенімді түрде көрсетуіне мүмкіндік жасау.

📌 Еске сала кетейік, 9-сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес ұйымдастырылуда.

Білім алушыларымызға сәттілік тілейміз! 🍀
Еңбектеріңнің жемісін көріп, жоғары нәтиже көрсетуге тілектеспіз!