📚 9-сынып оқушыларының таңдау пәндері бойынша қорытынды емтиханы өтті
Мектебімізде 9-сынып білім алушылары үшін таңдау пәндері бойынша қорытынды емтихан ұйымдастырылып өткізілді. Емтихан жұмыстары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізілді.
Атап айтқанда, емтихан өткізу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары», сондай-ақ 2025–2026 оқу жылын аяқтау және білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы тиісті бұйрықтар басшылыққа алынды.
Емтихан барысында оқушылар өздерінің оқу жылы бойы жинақтаған білімдерін көрсетіп, таңдаған пәндері бойынша дайындық деңгейін дәлелдеді. Білім алушыларға сәттілік тілеп, алдағы емтихандарында жоғары нәтиже көрсетуіне сенім білдіреміз!

KZ
