Skip to content

⚜️5-сынып ата-аналарымен «Жасөспірімдермен қарым-қатынас құпиялары» тақырыбында мазмұнды кездесу өткізілді. Кездесу…

⚜️5-сынып ата-аналарымен «Жасөспірімдермен қарым-қатынас құпиялары» тақырыбында мазмұнды кездесу өткізілді.

Кездесу барысында жасөспірім мінезінің ерекшеліктері, олардың ішкі жан дүниесін түсіну, сенімді қарым-қатынас орнату жолдары және балаға қолдау көрсетудің тиімді тәсілдері талқыланды. Ата-аналар бала тәрбиесіндегі сабырлылықтың, түсіністіктің және ашық сөйлесудің маңыздылығына тоқталды.

Мақсаты – ата-аналарға жасөспірім кезеңінің психологиялық ерекшеліктері туралы түсінік беру, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру.

Осындай пайдалы кездесулер бала болашағына бірге қадам жасауға мүмкіндік береді. 🤝📚

#АтаАнаЖиналысы #5Сынып #Жасөспірім #Тәрбие #МектепПсихологыБалаТәрбиесі