⚜️ №5 Педагогикалық кеңес өткізілді
Мектебімізде «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі» тақырыбында №5 педагогикалық кеңес отырысы өтті. Кеңес барысында білім беру сапасын арттыру, оқушылардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету және оқу жылының қорытынды нәтижелерін талдау мәселелері қарастырылды.
✅ Наурыз айындағы педагогикалық кеңес қаулысының орындалуы сараланды;
✅ Оқушылардың психологиялық жағдайы мен мектепішілік ахуалына жүргізілген талдау нәтижелері ұсынылды;
✅ ІV тоқсан және 2025–2026 оқу жылының білім сапасының қорытындылары қаралды;
✅ 5–8, 10-сынып оқушыларын аралық аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданды;
✅ 9,11-сынып бітірушілерін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарына жіберу мәселесі талқыланып, бекітілді.
Педагогикалық кеңес – сапалы білім мен тиімді тәрбие жұмысының маңызды алаңы. Бірлескен жұмыс арқылы оқушыларымыздың жарқын болашағына бағытталған нақты шешімдер қабылдануда.

KZ


