🇰🇿 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні 🇰🇿
Бүгін мектеп жанындағы жазғы лагерьде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған танымдық шара өткізілді. Балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін мақтанышпен орындап, рәміздер туралы сұрақ-жауап сайысына белсенді қатысты. Сонымен қатар, өз шығармашылықтарын көрсетіп, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы бейнеледі.
Мемлекеттік рәміздеріміз – тәуелсіздігіміздің қасиетті нышандары. Осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім қалыптасып, ел тарихы мен құндылықтарына деген құрмет арта түседі.
Тәуелсіз еліміздің рәміздері әрдайым биік тұғырда желбірей берсін! 🇰🇿✨
#МемлекеттікРәміздерКүні #4Маусым #ЖазғыЛагерь #ПатриоттықТәрбие #Қазақстан БалаларШығармашылығы
KZ

