Skip to content

⚜️2026 жылдың 22 сәуір күні мектебіміздің 9-сынып оқушылары “Қадам-life” облыстық…

⚜️2026 жылдың 22 сәуір күні мектебіміздің 9-сынып оқушылары “Қадам-life” облыстық кәсіби бағдар беру жобасы аясында Ақтөбе авто жол колледжі ұйымдастырған Ашық есік күніне қатысты. Іс-шара барысында оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттері мен зертханаларын аралап көрді. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары мен сұранысқа ие мамандықтар туралы толық ақпарат алды.

Кездесу барысында колледж оқытушылары мен студенттері өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Бұл іс-шара олардың кәсіби бағдарын айқындауға, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға үлкен мүмкіндік берді.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың саналы түрде мамандық таңдауына ықпал етіп, олардың болашаққа деген сенімін арттыра түседі.

#АшықЕсікКүні #КәсіптікБағдар #Ақтөбе #БолашақМаман