Skip to content

⚜️2026 жылдың 1-сәуір күні “Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі сөйлеу мәдениеті “…

⚜️2026 жылдың 1-сәуір күні “Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі сөйлеу мәдениеті “ тақырыбында әдеп кеңесінің жоспарына сай кезекті отырысы өтті. Мұғалімнің педагогикалық әдебі болмайынша, ол өз пәнін қанша терең білгенімен, тәрбиелік жұмыста алуан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті оның кәсіби педагогикалық іс-әрекетінің маңызды сапасы болып табылады. Практикалық бөлімде жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар және постерлер құрастырылып, ұстаздар өз ойларын ортаға салды. Өткізген ұстаздар: Мамбетниязова Д.К. Есетова Г. Сартаева Г