⚜️2025 жылдың 20-30 сәуір аралығында мектебімізде бастауыш буын оқушыларының білім сапасын арттыру, оқу жетістіктерін саралау және келесі білім сатысына бейімдеу мақсатында бірқатар бақылау және талдау жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, мектепалды даярлық және 1-сынып оқушыларының оқу бағдарламасын меңгеру деңгейлері зерделеніп, олардың білім, білік, дағдыларына мониторинг жасалды. Сонымен қатар, 4-сынып оқушыларының білім деңгейлері бақылаудан өткізіліп, орта буынға өту кезеңіне психологиялық және академиялық бейімделу бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырылды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылардың оқу үлгерімі сараланып, алдағы уақытта білім сапасын арттыруға бағытталған нақты жоспарлар белгіленді. Мектебімізде әрбір оқушының сапалы білім алып, жаңа белестерге сенімді қадам басуына ерекше көңіл бөлінеді.
KZ





