Skip to content

⚜️2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-далалық сабақтарында жауынгерлік даярлықты жоғары…

⚜️2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-далалық сабақтарында жауынгерлік даярлықты жоғары деңгейде ұйымдастырып, әскери тәртіпті қамтамасыз еткені үшін Симатов Ғалымбек Куанышевич марапатталды.

Жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері, взводтағы үлгілі тәртібі және жеке құрамды шебер басқара білгені үшін мектебіміздің 10-сынып оқушысы Мырзағұл Нұрсейіт марапатталды.

Сонымен қатар, пневматикалық винтовкадан нысана ату бойынша №15 орта мектебі жүлделі І орын иеленді. Оқу-далалық сабақтарындағы көтермеге тартылу жарысында мектебіміз ІІІ орынға ие болды. Ал Есен Омар гір көтеруден І орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Оқу-жаттығу жиыны Ф.Оңғарсынова атындағы №41 жалпы білім беретін орта мектебі базасында ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Жиынның басты мақсаты — жасөспірімдерді әскери қызметке дайындау, тәртіпке баулу және отансүйгіштік рухын қалыптастыру болды.

Жиын барысында оқушылар әскери тәртіппен танысып, спорттық сайыстар мен пневматикалық винтовкадан оқ ату жаттығуларына қатысты.

Қатысушылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіліп, үш мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Жас сарбаздарымызға сәттілік тілеп, алар асулары биік болсын дейміз!