Skip to content

⚜️2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушылары (ер балалар)…

⚜️2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушылары (ер балалар) дәстүрлі оқу-далалық жиынының екінші күні Ф.Оңғарсынова атындағы №41 жалпы білім беретін орта мектебі базасында өтті.

Жиынның басты мақсаты — жасөспірімдерді әскери қызметке дайындау, тәртіпке баулу және отансүйгіштік рухын шыңдау.

Оқушылар әскери тәртіппен танысып, спорттық сынақтар мен пневматикалық винтовкадан оқ ату жаттығуларына қатысты. Сонымен қатар «Ерлік сабақтары» ұйымдастырылды.

Қатысушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, үш мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Жас сарбаздарымызға сәттілік тілейміз!