⚜️2025-2026 оқу жылында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектебімізде «Ақ желкен» аула клубы мен «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйімен келісімшартқа отырып, бірлескен жұмыс жүргізілді. Бұл ынтымақтастық оқушылардың қабілетін дамытуға, өнерге, ғылымға және түрлі үйірмелерге қызығушылығын арттыруға бағытталды. Бүгін, 14 мамыр күні «Жыл жетістігі – өнер мерекесі» атты тақырыпта үйірме жұмысының жылдық есеп беру шарасы өтті.
Оқушыларымыз әртүрлі конкурстар мен жобаларға белсене қатысып, көптеген жетістіктерге жетті. Мектебіміздің оқушыларына қосымша білім алуына жағдай жасап, олардың қабілеттерін дамыту – басты мақсатымыз болып табылады. Жылдық қорытындысы көрсеткендей, үйірме жұмысы тиімді әрі нәтижелі өтті.

KZ
