⚜️19 мамыр күні, комиссия мүшелерінің қатысуымен мектептің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес класс жетекшілердің жұмысына мониторинг жүргізілді. Мониторингтің мақсаты – тәрбие жұмысының жүргізілу сапасын, құжаттардың талапқа сай рәсімделуін және оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін анықтау.
Мониторинг барысында төмендегі бағыттар қамтылды: тәрбие сағаттарының өткізілуі; ата-аналармен байланыс жұмыстары; оқушылардың сабаққа қатысуы мен тәртібі; қауіпсіздік және құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары; сыныптың әлеуметтік паспорты мен тәрбие жоспарының жүргізілуі анықталды. Мектептің ең «Үздік сыныбы», үздік сынып жетекшілер жұмыстары анықталуда.

KZ

