⚜️15 наурыз – Қайырымдылық күні. Мектебімізде Наурызнама онкүндігінің екінші күні «Наурыз – базарлық» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті. Бұл – адамгершілік пен мейірімділікті қолдайтын, адамзаттың бір-біріне көмектесуге ұмтылатын ерекше күн.
Мектебіміздің ата-аналары, мектеп ұжымы, оқушылардың ұйымдастыруымен аталмыш мереке қарсаңында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Белсенді ата-аналарымыз қазақтың түрлі тағамдарын өз қолдарымен дайындап, келушілерге ұсынды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – адамдарды қайырымдылыққа, ізгілік пен мейірімділікке шақыру.
Қайырымдылық — жүректен жүрекке жол табатын күш.
Баршаңызды осы ерекше күнде өзара көмек көрсетуге, мейірімділік танытуға шақырамыз.
#NauryzDigitalAqtobe2026#НаурызнамаАқтөбе2026
KZ

