Skip to content

⚜️15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай мектебімізде ұстаздар мен…

⚜️15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай мектебімізде ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен «Анаға құрмет» атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты — анаға деген сыйластықты арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және мейірімділікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында ұстаздар мен оқушылар аналарына арнап жүрекжарды тілектерін айтып, жылы лебіздерімен бөлісті. Бұл челлендж барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, отбасының қадірін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.