Skip to content

⚜️14 наурыз – Амал мерекесі, Көрісу күні құтты болсын! Бұл…

⚜️14 наурыз – Амал мерекесі, Көрісу күні құтты болсын!
Бұл күн – амандық сұрасып, бір-бірімізге ақ тілектер айтып, сыйластық пен татулықты арттыратын ерекше мереке.

Бүгін мектебімізде ұстаздар, ата-аналарды, оқушыларды таңертең мерекелік көңіл күймен қарсы алып, ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін шағын мерекелік сәт ұйымдастырдық. Балаларымыз бен ұжымымыз сіздермен көрісіп, жылы лебіздерін білдіруге қуанышты болды.

Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік, амандық пен қуаныш тілейміз!
Амал мерекесі – Көрісу күні құтты болсын!

#NauryzDigitalAqtobe2026 #НаурызнамаАқтөбе2026