Skip to content

📚 11-сынып оқушыларының қорытынды емтиханы Бүгін мектебіміздің 11-сынып оқушылары «Алгебра…

📚 11-сынып оқушыларының қорытынды емтиханы
Бүгін мектебіміздің 11-сынып оқушылары «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша қорытынды мемлекеттік емтихан тапсыруда. Емтихан білім алушылардың математикалық сауаттылығын, логикалық ойлау қабілетін және алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын анықтауға бағытталған.
📌 Емтихан жұмысының ұзақтығы – 5 сағат (300 минут). Осы уақыт аралығында түлектер берілген тапсырмаларды орындап, өз білім деңгейлерін көрсетуде.
Қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылуда.
Білім сыналар маңызды сәтте барша түлектерімізге сәттілік, жоғары нәтиже және сенім тілейміз! ✨
Ақ жол, жас түлек!