📚 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы – Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес мектебіміздің 11-сынып оқушылары «Қазақстан тарихы» пәнінен ауызша емтихан тапсыруда.
Ауызша емтихан барысында білім алушылар еліміздің тарихы бойынша меңгерген білімдерін, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қатысты танымдық көзқарастарын, деректерді талдау және өз ойларын жүйелі жеткізу дағдыларын көрсетті.
Бұл – түлектер үшін білім жолындағы маңызды белестердің бірі. Барша бітіруші түлектерімізге сәттілік тілейміз! Емтиханнан жоғары нәтиже көрсетіп, алдағы өмір жолында биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! 🇰🇿✨

KZ

