⚜️06 сәуір күні мектебімізде «Ата-ана мен мектеп: бір мақсат, бір мүдде» тақырыбындағы мектепішілік «Ашық есік» күні болып өтті. Мақсаты: ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым – қатынасты жақсарту. Бала тәрбиесіндегі ата-ана көзқарасын кеңейту. Ашық есік күні аясында ата-аналар балаларының шығармашылығын көріп, өнерін тамашалап, білімін бақылап, толғандырған сұрақтарына жауап алып, мектеп тынысымен кеңінен танысты. Іс-шара соңында ата-аналар бүгінгі күннен алған әсерлерімен, пікірлерімен бөлісті. Атаулы іс-шараның ұйымдастырылуы ата-ана тарапынан қолдау тапқандығы ойбөлісте байқалды. Сонымен қатар ата-аналар тәрбие сағаттарына қатысып, сабақ өткізді. Тәрбиенің қайнар бұлағы отбасынан басталады, ата-аналарды бірлікте жұмыс жасауға шақырамыз және іс-шараға қатысқан ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.
⚜️06 сәуір күні мектебімізде «Ата-ана мен мектеп: бір мақсат, бір…

KZ
