06 сәуір күні мектебімізде «Ата-ана мен мектеп: бір мақсат, бір мүдде» тақырыбында мектепішілік «Ашық есік» күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – ата-ана, оқушы және мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі ата-ананың көзқарасын кеңейту.
Ашық есік күні аясында ата-аналар балаларының шығармашылығымен танысып, өнерін тамашалап, білім деңгейін бақылап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар мектептің тыныс-тіршілігімен кеңінен танысуға мүмкіндік болды.
Іс-шара соңында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісіп, өз пікірлерін білдірді. Шараның ұйымдастырылуы ата-аналар тарапынан қолдау тауып, ойбөліс барысында оң бағасын алды.
Сондай-ақ ата-аналар тәрбие сағаттарына қатысып, 9 “ә” сыныбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбиенің қайнар көзі – отбасы. Осы орайда ата-аналарды мектеппен бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз. Іс-шараға қатысқан барлық ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.
KZ


