⚜️Құрмет пен жауапкершілік – саналы қоғамның негізі
16 ақпан күні 9–11 сынып білім алушыларына арналған
«Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында республикалық бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылды.
🔰Сынып сағатының басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қарым-қатынастағы өзара құрметтің маңызын түсіндіру және жеке шекараны сақтаудың қажеттілігін ұғындыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар:
▫️ «құрмет» ұғымының шынайы мәнін талқылады;
▫️ келісімнің кез келген қарым-қатынастағы маңызын түсінді;
▫️ жеке шекараны бұзудың салдары туралы ой бөлісті;
▫️ өмірлік жағдаяттар арқылы өз пікірлерін ашық жеткізді.
KZ


