Skip to content

⚜️Бүгін, 23 ақпан күні 8-9-10-11 кластың қыз балаларына ерте жүктіліктің…

⚜️Бүгін, 23 ақпан күні 8-9-10-11 кластың қыз балаларына ерте жүктіліктің алдын алу, олардың жыныстық қолсұғылмаушылығын қорғау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге АОКДЦ гинеколог маманы Айгүл Асқаровна, мектеп медбикесі А.Жайықова, мектеп психологы А.Жанабергенова қатысып, ерте жүктіліктің салдары денсаулыққа зияны (анемия, асқынулар); психологиялық күйзеліс; оқуды тастап кету қаупі; әлеуметтік қиындықтар туралы түсіндіріп, «жоқ» деп айта білу дағдысын қалыптастыру; бейтаныс адамдармен жеке кездесуден сақтану; күдік туындаған жағдайда сенімді ересекке хабарлау керектігі туралы ақпараттар берілді. Ерте жүктіліктің алдын алу және жыныстық қолсұғылмаушылықты қорғау – мектеп, ата-ана және қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі.