⚜️Абай шығармашылығын оқу арқылы көркем сөздің танымдық, тағылымдық, эстетикалық мән-маңызын түсініп, оны кеңінен насихаттау, ақын есімін ұлықтау және креативті оқушыларды анықтау мақсатында сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс 2 бөлімнен тұрды:
1-бөлім – Абайдың өлеңін жатқа, мәнерлеп оқу.
2-бөлім – Ақын шығармаларында келтірілген өмір құбылыстарын көркемдеп, суретін салу.
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындармен, Алғыс хаттармен және түрлі номинациялармен марапатталды.
Іс-шараны ұйымдастырғандар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.К. Арызгулова және кітапхана меңгерушісі Г.А. Нұрғалиева.
KZ

