⚜️16 ақпан күні 2 «Ә» сыныбында «Мамандықтар әлемінде» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға мамандық туралы түсінік беру, әртүрлі мамандықтармен таныстыру, еңбекке деген құрмет сезімін қалыптастыру және болашақ мамандық таңдауға қызығушылықтарын ояту болды.
Сабақ барысында оқушылар мамандықтың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, түрлі мамандық иелерінің атқаратын қызметтерімен танысты. Әңгіме, сұрақ-жауап, ойын элементтері арқылы балалар белсенді қатысып, өздерінің болашақта кім болғысы келетінін айтып, армандарымен бөлісті.
Тәрбие сағаты оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, әр мамандықтың қоғам үшін маңызды екендігін түсінуге мүмкіндік берді.
Сынып жетекшісі: Нуркасынова С.
Кәсіби бағдар берушілер: Даулетбаева Ж., Қуанышбай Н.

KZ
