✍️ PISA халықаралық зерттеуі — білім сапасының жаһандық көрсеткіші
- Дата: 06.11.2025
Бүгін мектебімізде мұғалімдерге арналған «Мектептерге арналған PISA зерттеуі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кездесуді мектеп директоры А.Қ. Ешмағамбетова және мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Н. Балғалиев жүргізді.
🔹 Іс-шара барысында мұғалімдерге PISA халықаралық зерттеуінің мақсат-міндеттері, маңызы және оның оқыту үдерісіне әсері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, зерттеу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары мен бағалау критерийлерінің ерекшеліктері талқыланды.
📊 PISA (Programme for International Student Assessment) — әлем елдерінің білім сапасын бағалайтын халықаралық бағдарлама. Ол 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану салаларындағы білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдану қабілеттерін анықтайды.
🇰🇿 Қазақстан бұл зерттеуге белсенді қатысып келеді, ал біздің мектеп ұжымы оқушылардың білім сапасын арттыруда PISA стандарттарына сай болуға ұмтылуда.
✨ PISA — бұл сапалы білім мен болашаққа сенімді қадамның көрсеткіші!
#PISA #Білім #ХалықаралықЗерттеу #ҚазақстанБілім #PISA2025 #ФункционалдықСауаттылық #МұғалімДамуы #БілімСапасы