Өмірге салауатты - қадам
- Дата: 27.09.2025
Салауатты өмір салтын насихаттау зиянды заттарды қолданудың алдын алу мақсатында 26 қыркүйек күні, жоғары класс оқушыларына «Өмірге салауатты - қадам» атты тақырыпта АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологтары М.К.Матаева, Н.Ж.Утарова, С.Ж.Мухаметжанованың қатысуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті. Кездесуде мамандарымыз жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын сақтау, нашақорлық пен маскүнемдіктің, шылымқорлықтың нәтижесі жамандыққа әкеп соқтыратынын түсіндіріп, АИТВ инфекциясы туралы ақпараттар берді.