Мектебімізде 2025 жылдың 23 қазан күні Ата-аналарды қолдау орталығының №1 отырысы өтті.
- Дата: 29.10.2025
🔹Отырыстың мақсаты – ата-аналар қауымдастығы мен мектеп ұжымының өзара байланысын нығайту, оқушылардың білім алуына және тәрбиесіне ортақ жауапкершілікті арттыру болды.
🔹Кездесу барысында орталықтың жылдық жұмыс жоспары талқыланып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары бекітілді.
🔹Сонымен қатар ата-аналар мен сынып жетекшілерінің тиімді өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету жолдары қарастырылды.
🔹Жиналыс соңында қатысушылар бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, өз ұсыныстарын білдірді.