Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
- Дата: 03.10.2025
Ұстаз – мәңгілік мамандық. Сіздер тек білім беріп қана қоймай, әр баланың жүрегіне үміт пен сенім шырағын жағасыздар. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз, парасаттарыңыз бен сабырлылықтарыңыз – ел болашағының берік іргетасы.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, шынайы қамқорлықтарыңыз бен жүрек жылуларыңыз үшін алғысымыз шексіз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Шәкірттеріңіздің жетістігі әрқашан қуаныш пен шабыт сыйласын!
✍️Ұстаз аты – биік, мәртебесі – мәңгілік!
5 “А” сыныбы
Сынып жетекшісі: Ж.Нағашыбаева