✍️ Дублер күні – алғашқы қадам кәсіби жолға!
- Дата: 23.10.2025
2025 жылдың 16 қазан күні мектеп оқушыларының мамандыққа қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру мақсатында І.Есенберлин атындағы №15 орта мектебінің бейіндік сынып оқушылары Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің әлеуметтік серіктесі “BIGNSS” ЖШС мекемесіне барып, «Дублер күні» аясында тәжірибеден өтті.
🔹 Оқушылар өндірістік ортаның жұмысымен танысып,
🔹 Электрик мамандығы бойынша ассистент рөлінде кәсіби мамандармен бірге жұмыс істеп көрді.
🔹 Шынайы жұмыс атмосферасы мен іс-тәжірибе балалардың болашақ мамандықты саналы таңдауға деген ынтасын оятты.
Мұндай шаралар оқушылар үшін тек кәсіби бағдар ғана емес, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік!
#ДублерКүні #КәсібиБағдар #МамандықТаңдау #BIGNSS #АқтөбеКолледжі #15мектеп #Электрик #Тәжірибе #ОқушыАссистент