Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Бүгін,19 қыркүйек күні ата-аналар комитетінің қызметін трансформациялау аясында «Мектеп пен отбасы: адал әрі жауапты азаматты тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық тақырыбында мектептің ата-аналар комитетінің бірінші отырысы өтті.

Күн тәртібінде:
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары туралы;
2. Мектеп пен ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы;
3. Мектеп пен ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы мәселелер қаралды.
Жиналыста «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жұмысы, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы ата-аналар ынтымақтастығы бойынша жұмыстардың жүргізілуі, мектепте ақша жинауға жол берілмейтіндігі, ұлттық отбасы дәстүрлерін сақтау, әке мен ананың ролі туралы ақпараттар берілді. Балалардың өмір қауіпсіздігі, буллингтың, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары, таныстырылды.