✍️ Бүгін «Мектептегі тәрбие жұмысындағы цифрлық технологиялардың маңызы»тақырыбындағы №2 педагогикалық кеңес өткізілді.
- Дата: 30.10.2025
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.ТАМЫЗ АЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ҚАУЛЫСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ.
2.ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ.
3. І ТОҚСАН БОЙЫНША МЕКТЕП БІЛІМ САПАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының ҒӘЖ орынбасары А.М.Василиева өткен кеңесте қабылданған қаулының орындалуы жөнінде баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директорының ТЖ орынбасары С.Н.Карагулова және мектеп психологтары көрсетілген тақырып бойынша ұжыммен топтық жұмыс жүргізді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп директорының ОТЖ орынбасары А.Н.Балғалиев мектеп бойынша кластардың және пәндердің білім сапасын баяндап, білім сапасын көтеру бағытында пән мұғалімдері және класс жетекшілермен талқылау жұмыстары жүргізілді.
Күн тәртібіндегі мәселер бойынша мектеп директоры А.Қ.Ешмағамбетова қаулымен таныстырып, орындалуы бойынша жауаптыларды бекітті.