Бүгін мектебімізде «Курс нәтижесі – сабақ сапасындағы жаңашылдық» атты семинар өткізілді.
- Дата: 29.10.2025
🔹Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және оқу үрдісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу.
🔹Семинар барысында ұстаздар курстан алған тәжірибелерімен бөлісіп, сабақ сапасын жақсарту жолдарын талқылады. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тиімді тәжірибелермен бөлісті.
🔹Семинар соңында жылы әрі достық атмосферада кофе-брейк ұйымдастырылып, қатысушылар бейресми түрде әңгімелесіп, жақсы көңіл күйде іс-шараны аяқтады.