✍️ Бүгін мектебімізде 8–11-сыныптың ер балаларына арналған «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты кездесу өтті.
- Дата: 12.11.2025
Біртұтас тәрбие бағдарламасы "Әділдік және жауапкершілік" құндылығы аясында
🔹 Іс-шараға Ақтөбе қаласы Полиция департаменті Ақпараттық және байланыс басқармасының орынбасары, полиция подполковнигі А.И.Нагин
Ақтөбе қаласы Алматы ауданы №3 ҚПБ полиция капитандары Мускатов Ж.А., А. Сүндетова ., сондай-ақ полиция подполковнигі А.Ә.Жабағиев, Аңсар орталығының теолог маманы С.С. Саматов және облыстық соттың кәсіби медиаторы, «Алтын алқа» иегері, «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, «Патриоттық белсенділігі үшін» медалінің, «Ұлағатты ұстаз» төс белгісінің, «Елеулі еңбегі үшін» медалінің иегері, сондай-ақ «Қазақстанның ең үздік әйелі» орденінің иегері Б.Ә. Әбілдаева қатысты.
🔹 Шараның мақсаты – ұл балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштікке, жауапкершілік пен адамгершілікке тәрбиелеу.
🔹 Кездесу барысында Бибігүл Әбдішүкірқызы жас ұландармен өмірлік тәжірибесін бөлісіп, нағыз ер азаматтың тұлғалық қасиеттері, отбасындағы әкенің рөлі және елге қызмет етудің маңызы жөнінде тағылымды ойлар айтты.
🔹 Сондай-ақ полиция қызметкерлері оқушыларға құқықтық мәдениет, тәртіп сақтау және қоғамдағы азаматтық жауапкершілік жайында пайдалы ақпарат беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
🔹 Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қонақтармен еркін пікір алмасты.
Іс-шара ұл балалардың рухани және адамгершілік тұрғыда дамуына, елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. 🇰🇿💪
#ҰлтТәрбиесі #ҰлТәрбиесі #ПатриоттықТәрбие#МектепӨмірі #ТәрбиеСағаты