Бүгін бракераж комиссиясы мектеп асханасына бақылау жұмысын жүргізді.
- Дата: 15.10.2025
🔹Бақылаудың мақсаты – оқушыларға берілетін ыстық тамақтың ас мәзіріне сәйкестігін, асхана қызметкерлерінің жұмысын, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын тексеру.
🔹Сонымен қатар, тамақтың мәзір мен талаптарға сай дайындалуы, оқушылардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету, асханаға жеткізілетін тағам өнімдерінің сапасы мен сақтау жағдайлары, дайын тағамдар мен өнімдердің сақтау мерзімдері қаралды.
Бақылау қорытындысы бойынша асхана жұмысы «қанағаттанарлық» деп бағаланды.