Бүгін Алматыда 15-17 қазан аралығында өтетін Инклюзивті білім беру бойынша бірінші Дүниежүзілік конгресс (World Inclusion Congress – WIC 2025) басталды
- Дата: 15.10.2025
Конгрессті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «HOPE» қоры (Help Others Pursue Education, Қазақстан) және International Forums of Inclusion Practitioners (IFIP, Ұлыбритания) ұйымдастырды.
🔹Конгресс бір алаңда әлемнің 40 елінен 1200-ден астам үкіметтік құрылымдар, ғылыми қауымдастықтар, халықаралық ұйымдар, педагогтер мен сарапшылар, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы көшбасшылар өкілдерінің басын біріктірді.
🔹Қатысушылар қатарында Азиядан, Африкадан, Солтүстік Америкадан, Австралия мен Еуропадан делегаттар бар. 100-ден астам халықаралық және отандық сарапшылар пленарлық және панельдік сессияларда спикер ретінде сөз сөйлейді.
Конгрестің басты қонақтары — инклюзивті білім беру саласындағы танымал сарапшы, International Forums of Inclusion Practitioners (IFIP) негізін қалаушы Даниэль Собель, Инклюзивті білім беру саласындағы жетекші ғалым, Ноттингем университетінің проректоры Умеш Шарма және әлемге танымал сәулетші, атақты Fuji Kindergarten балабақшасының авторы Тахакура Тедзука.