Бүгін, 2025 жылдың 1 қыркүйек күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі білім ордаларында 2025 – 2026 оқу жылының алғашқы қоңырау мерекесі аталып өтілуде
- Дата: 01.09.2025
Бүгін, 2025 жылдың 1 қыркүйек күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі білім ордаларында 2025 – 2026 оқу жылының алғашқы қоңырау мерекесі аталып өтілуде. Мектебімізде білім күні мерекесі 1 сынып оқушылары үшін «Мектебім – мейірім мекені» атты тақырыпта салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында мектеп директоры Ешмағамбетова Алмагүл Қуанышбайқызы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1 сынып оқушыларына, ата-аналарға жылы лебізін арнап, ақ жол тіледі. Жаңа 2025 - 2026 оқу жылына сәттілік тілейміз.