Бастауыш сынып пәндерінде жасанды интеллект және белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
- Дата: 09.10.2025
Қазан айында облыстық ПШО-мен бірлесіп, "Бастауыш сынып пәндерінде жасанды интеллект және белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану" тақырыбында серіктес Әлкей Марғұлан атындағы №71 ЖББОМ КММ- сінің мұғалімдерімен желілік семинар өткізілді.
🔹Семинардың мақсаты – оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру және жасанды интеллект пен белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы өзара тәжірибе алмасу.
🔹Желілік семинар барысында І.Есенберлин атындағы №15 орта мектеп директоры А.Қ. Ешмағамбетова "Бастауыш мектептердегі ЖИ технологиялары: сапалы білім берудің жаңа қадамдары" тақырыбында жан-жақты ақпарат беріп, қатысушыларға қолдау көрсетті.
🔹Семинарда келесі тақырыптарда ашық сабақтар, ықшам сабақтар және коучингтер өткізілді:
"Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақта қолдану ерекшеліктері" – И.Д. Сақтапова (№71 ЖББОМ, директордың орынбасары, әдіскер);
"Жақсы көңіл-күй – жан азығы" – А.К. Касымкулова, А.А. Жанабергенова (№15 ОМ, психологтары);
Т. Нұрмағамбетовтың "Анасын сағынған бала" әңгімесі – Г. Конкабаева (№15 ОМ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ЖМ көшбасшысы);
"ЖИ көмегімен мұғалімнің әдістемелік шеберлігін дамыту жолдары" – М.А. Васильева (№15 ОМ, директордың орынбасары, әдіскер);
"Оқу мен оқытудағы жасанды интеллект рөлі" – А. Мұстафина (директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі), А.Ж. Ажниязова (№71 ОМ, бастауыш сынып мұғалімі);
"Дауыссыз 'б' мен 'п'" – Р.Б. Айтжанова (№15 ОМ, бастауыш сынып мұғалімі);
🔹"Қалдықты және азайғыш пен азайтқышты табуға берілген есептер" – С.М. Нұрқасынова (№15 ОМ, бастауыш сынып мұғалімі);
"Шамалар арасындағы тәуелділік" – Э. Қойлыбаева (№15 ОМ, бастауыш сынып мұғалімі);
Г. Құдайбердіұлының "Адамдық борышың" – Н.Н. Қуанышбекова (№15 ОМ, бастауыш сынып мұғалімі);
🔹"Ғажайып бақ" – Б. Сенғалиева (№15 ОМ, бастауыш сынып мұғалімі);
"Наурыз – жыл басы" – А.Г. Нысанбаева (№71 ОМ, бастауыш сынып мұғалімі);
"Магнитті не үшін қолданады?" – А.С. Игликова (№71 ЖББОМ, бастауыш сынып мұғалімі);
"Оқытуда позитивті эмоционалды өзара әрекеттесуді құру тәжірибелері" – Қ.С. Боқанова (№71 ЖББОМ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі).
🔹Семинар соңында ЖМ көшбасшысы Г. Конкабаева "Алты қалпақ" әдісі арқылы кері байланыс жүргізіп, қатысушылар ризашылықтарын білдіріп, семинардың "жоғары деңгейде" өткенін атап өтті.