Аға лейтенанты Өтеген Бақтығали Матайұлы 6–7 сынып оқушыларымен кездесті
- Дата: 06.11.2025
«Мектеп қауіпсіздігі» акциясы аясында 2025 жылдың 6 қарашасында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары – Ақтөбе қаласы №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Тилегенов Нұржан Өнбергенұлы және №3 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Өтеген Бақтығали Матайұлы 6–7 сынып оқушыларымен кездесті.
🔹 Кездесу барысында мамандар балаларға «Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын, 101 қызметіне қоңырау шалудың маңызын және ашық отпен ойнаудың қауіптілігін баяндады.
🔸 Шараның басты мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік пен қырағылықты арттыру.
✨ Қауіпсіздік ережесін білу – өз өміріңді қорғаудың ең тиімді жолы!
#МектепҚауіпсіздігіАкциясы #ӨртҚауіпсіздігі#ҚауіпсізМектеп #ҚауіпсіздікМәдениеті
#БалаларҚауіпсіздігі#ТөтеншеЖағдайДепартаменті